2016 жылғы 17 мамыр Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ.БОЗЫМБАЕВ
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы №209 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен
толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) «Мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 56 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10457 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрыққа «Тексеруді тағайындау туралы АКТ» деген 1-қосымша және «Тексеру қорытындысы туралы АКТ» деген 2-қосымша осы тізбеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10533 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларында:
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Энергия берушi ұйымдардың электр желiлерiндегi электр энергиясының нормативтiк шығындар шамаларын анықтау «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
3) «Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 160 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10595 болып тiркелген, 2015 жылғы 14 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 70-25) тармақшасына сәйкес бұйырамын:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтерінде:
11 және 12-топтар мынадай редакцияда жазылсын:
«
11-топ 13,63 13,63 13,63
12-топ 12,68 12,68 12,68
»;
мынадай мазмұндағы 16-топпен толықтырылсын:
«
16-топ 13,48 13,48 13,48
».
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы №209 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №56 бұйрығына 1-қосымша
Нысан
Тексеруді тағайындау туралы
№_______ АКТ
_________________
(күні)
Мемлекеттік органның атауы: _____________________________________________________________
Тексеруді жүргізуге уәкілетті тұлға:_________________________________________________________
(мемлекеттік техникалық
_______________________________________________________________________________________
инспектордың Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда)
Тексерулер жүргізуге тартылатын мамандар, кеңесшілер және сарапшылар туралы мәліметтер:
_______________________________________________________________________________________
Тексерілетін субъект:
_______________________________________________________________________________________
(субъектінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, толық атауы
_______________________________________________________________________________________
(субъект басшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда)
_______________________________________________________________________________________
(субъектінің орналасқан жері)
_______________________________________________________________________________________
(ЖСН, БСН)
Тағайындалған тексерудің мәні:____________________________
Тексеру жүргізудің мерзімі: «__»______20___ж. бастап «__»____20___ж. дейін.
Тексеру жүргізудің құқықтық негіздері:________________________
Тексерілетін кезең: «___»______20____ж. бастап «__»_______20___ж. қоса.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлер кодексінің 155-бабында көзделген тексерілетін субъектінің құқықтары және міндеттерімен* таныстым, актінің 1 данасын алдым:
__________________________________________________________________________________________
(тексерілетін субъекті басшысының (өкілінің) Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, немесе тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасында кеңседе (іс жүргізуші) алу туралы белгіні қою)
Мемлекеттік техникалық инспектор М.О. ________________
(қолы)
__________________________________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда))
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы
№209 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №56 бұйрығына 2-қосымша
Нысан
Тексеру қорытындысы туралы
№_____ АКТ
«____» ________ 20____ ж. __________________
_________________ (жері)
(Уақыты)
Бақылау және қадағалау органының атауы:______________________________
Тексеруді жүргізуге уәкілетті тұлға _________________________________
(мемлекеттік техникалық
__________________________________________________________________
инспектордың Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда))
Тексерулер жүргізуге тартылатын мамандар, кеңесшілер және сарапшылар
туралы мәліметтер:___________________________________________________
__________________________________________________________________
Тексерілетін субъект:________________________________________________
(субъектінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны,
__________________________________________________________________
толық атауы)
__________________________________________________________________
(субъект басшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда))
__________________________________________________________________
(субъектінің орналасқан жері)
__________________________________________________________________
(ЖСН, БСН)
Тексеруді тағайындау туралы акт «____»__________20____ж. №___________
Тексеру жүргізу кезеңі: «__»______20_ж. бастап «___»_____20_ж. қоса.
Тексеру қорытындылары туралы мәліметтер (оның ішінде анықталған бұзушылықтар,
олардың сипаттамалары туралы):
1. ________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________
3. _________________________________________________________________
4. _________________________________________________________________
5. _________________________________________________________________
6. _________________________________________________________________
7. _________________________________________________________________
8. _________________________________________________________________
9. _________________________________________________________________
10. _________________________________________________________________
Тексеру парағының атауы:_____________________________________________
(бұзушылық анықталған
____________________________________________________________________
талаптардың тармақтары)
Тексеру қорытындысы туралы актімен таныстым _________________________
__________________________________________________________________
(тексерілетін субъекті өкілінің,
__________________________________________________________________
сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамның Тегі, Аты, Әкесінің аты
(болған жағдайда) олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы)
Қосымшалар:_________________________________________________________
(тексерудің нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар)
Акт 2 данада жасалды, қосымша _____ парақ.
Мемлекеттік техникалық инспектор ______________________
(қолы)
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексі 152-бабының 4-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда, қарсылықтар болмаған кезде тексерілетін субъект, тексеруді жүргізген мемлекеттік органның басшысымен келісілетін мерзімдерді көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданатын шаралар туралы ақпаратты үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға құқылы.
Актіні алдым_______________________________________________________________________
(тексерілетін субъекті басшысының (өкілінің) Тегі, Аты,
Әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, немесе тексеру аяқталған күні тексеру қорытындысы
туралы актінің екінші данасында кеңседен (іс жүргізушіден) алу туралы белгіні қою)
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 17 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13805 болып енгізілді.